Posted in

ЕКІ ИІНІ САЛБЫРАДЫ (ТҮСТІ, ТҮСІҢКІ)

Әлденеге қапа болып, еңсесі түсіп кетті. ~ Әпкемнің де қарасы көрінбеді. Шешемнің жүзі сынық. Екі иіні салбырып, қабағы тұнжырап кеткен. Қ.Тлеу. ~ Бұлқыныстан біржола қажып, аса шаршағандай бір пәсте–ақ екі иіні салбырап, жанарындағы ұшқындар, ерке жарқылдар сөніп қалды. Ж.Шағ. ~ Бұның бәрі оның мыж-мыж бетінде тайға таңба басқандай сайрап тұр еді. Бейшараның көздері кіртиіп, екі иіні түсіп, еңсе көтеруден мүлде қалғандай. Дж.Лонд. ~ . ~ Нүркен екен. Екі иығы түсіңкі, қабағы кірбең тартқан Нүркенде маңдайының ажымдары айғызданып, жанары өлеусіреп қалғандай сезген Шөке ‹‹байқұсты азаптап жібердім–ау, несін үйлендім›› деп өз жаны да қиналып кетті. Б.Жұм.