Posted in

ЕКІ КЕШТІҢ АРАСЫНДА

Ымырт үйіріліп, күн батар мезгілде, алагеуімде. * Aha, aha! Бұл қай торпақ екі кештің арасында оқыралап жүрген?– деді жайбарақат қана. М.Қаб. * Палатаның есігі тарса жабық тұрса да дәрігер әулеті мазасыз, тықылдатып қағуы кәдік. “Екі кештің арасында есікті іштен кілттеп алып оңашалана қалғаны несі”, – деп күдігіне алады. Д.Досж. * Бөлменің оң жағында болыскей кереуетте жатқан жігіт ағасы басын көтеріп: – Ол кім болды екен екі кештің арасында? – деді наразылау дауыспен. С. Досж.