Жиырма бес жас. ~ Кәрі, жас дәурені өзге тату емес, Епке көнер ет жүрек сату емес. Кімде кім үлкен болса екі мүшел, Мал беріп алғанменен сатын емес. Абай. ~ Қараста бала болмайды. Өсекші ауыздар, – «жастарының алшақтығы екі мүшелдей болғанмен, Глафира Сатыбалдыны әрі баласы, әрі байы ғып ұстады» дейді. С.Мұқ. ~ Ол байына қанша жазықты болса да өзін өзі жазықсыз сезінетін. Өйткені екі мүшел жас еді, сондықтан ол «талақ» аталуы жазықсыз жазаланғандай намысына өрт салды. Ә.Әб.
