Екі ұдай, әрі-сәрі. *Аға сұлтанның екі оқты мінезі елдің ішіне іріткі салып та болды. Ғ. Мүс. * Берер ме екен?.. Берсе іс бітті ғой!— деді екі оқтылау түрде, кішірек келген қара шал. Х.Есен. ~ Біз жап-жас әйел жарынан күдер үзбесін, үмітпен жүрсін деп, «қата» деген жақты бастырмалатып кеттік білем. Гуляның езу тартуында сенер-сенбес, екі оқтылық қана байқалады. Ғ.Мүс.
