Жүрегі қатты соғып, ентікті, тынысы тарылды. ~ Бикен оның көзіндегі үмітсіздік пен шарасыздықты көргенде, біреу құздан өзін тастап жібергендей екі өкпесі аузына тығылды. «Апырым-ау, бұл не болды» демек, еді, үні шықпады. І.Жанс. ~ Зере жалын атып, зор күйінішпен күрсініп қойып, кесек-кесек жас ыршытты. Абайдың екі өкпесі аузына тығылғандай боп, тынысы бітіп, жүрегі қатты соғып кетті. М.Әу. ~ Асқардың жүрегі су ете түсіп, екі өкпесі аузына тығылды. С. Мұқ. * Бикен оның
көзіндегі үмітсіздік пен шарасыздықты көргенде, біреу құздан өзін тастап жібергендей екі өкпесі аузына тығылды. Т.Әбд.
