Posted in

ЕКІ ТАЛАЙ ЗАМАН (КҮН)

Қиын-қыстау уақыт; аумалы-төкпелі кез. * Кім біледі, ондай екі талай заман болса, өзім өлгеніммен қоймай, Асқардың аяғына да тұсау болам ба? Ботагөздің құлдырай жүдеуіне бас себеп осы ой. С.Мұқ. * Оларды оздырып жүрген – тек қызыл тілдің ебі мен жуан білектің қайраты ғана емес, мынау ертең не болып кетері белгісіз екі талай заманнын дүмпуі. Ә.Кек. * Қазақ кімнен қыз алмай жатыр? Осы Бесбасбайдың нағашысы қалмақ… Екі талай күн туса, қалмақтың жетегінде кетуім керек пе? Бесбасбай солай қыңырайды. З.Шүк.