Қалауынша биледі, уысында ұстады. ~ Ақтоқты есік аттаған күннен бастап, атасы Сүтемген, енесі Науан ажарына ақылы сай келінінің пейіліне көңілі толып, Жалмұқан екеуіне бар тауқыметтің екі шылбыр, бір тізгінін ұстатыпты. І.Жақ. ~ – Сол айтқандай, Арқаға да бақ қонған шығар. Баяғыда ұлы хандарымыз жаз шыға Арқада, қыс түсе Түркістанда отырып, елді екі шылбыр, бір тізгінмен билепті ғой. А.Алт.
