Posted in

ЕКІЛЕНЕ СОҚТЫ

Үздіге, өршелене үдей түсті. * Жел екілене соғып, шала бастырылған үйлердің кигізін қолпылдатты; түндігін жұлып әкетті. Б.Майл. * Ұнатыңқырамаған кейбіреу: «Осы ретті қып соға бер!» дейді. Шын айтып отыр екен деп, анау онан жаман екілене соғады. Ж.Айм. * … атан түйені жыққандай екілене соққан әупірім жел мен борап жауып тұрған қар басқа, көзге сабалап ала жөнелді … Ә.Нұрп. * Сол таңның алдында түні бойы қар жауды. Әуелі қыламықтап бастап, соңынан екілене түсіп, жапалақтап жауды. Ш.Айт.