Posted in

ЕЛ АҒАСЫ

Көптің құрметіне ие болған, сөзі өтетін, беделді азамат; ел тізгінін ұстаған, ақылшысы. * Өзек талды, көз қарайды. Сонан соң жаздым, ел ағасы. Бұл арызым жеткенше, кеудеде дем жетер ме? Ғ.Мұст. * Ұят та болса ашығын айтайық ата сақалы аузына түскен білімдар, өмір көрген, қызметте болған қарттар, ел ағасы болған кісілер. Ж.Аязб. * Төртінші мәрте тәуір баспана бұйырып, ақыры қарашаңырақ болып, ел ағасы атанып, «іншалла, орнығайық осымен!» – деп жаңа қонысқа зәкір тастадық. Д.Досж. * Осы ауылдың құрметті адамы ел ағасы, жақсы жігітінің жеті жасар қызын жылан шағып қал үстінде жатыр екен. І.Ес.