Жұртпен қатар тірлік жасады, халық, мемлекет болып, еңсе көтерді. ~ Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ қана ел болып, ірге көтеріп кете аламыз. Ә.Кек. ~ «Енді қашан өз алдымызға ел болып, етек-жеңімізді жинар екенбіз! Көк Тәңірім өзің қолдай гөр! – дейді Жаратқанға жалбарынып. Д.Рам.
Аралас-құралас, сыйлас, тату өмір сүрді. ~ Өзіндейді кемсінгені үшін бір дүре, ел бірлігіне қол көтергені үшін екі дүре. Ел болам десең, соған көнесің! Ағайынның ақылы барының айтқаны сол! Ә.Кек. * Бұған қазақ жағы — жаңа ғана тыныс алған ел басу айтады: «Қатар жатқан ел едік, егес болған шығар, егерлікпен, есерлікпен пендешілік еткен болармыз, қой көнтексіз, ел тентексіз болмайды, жауласпайық, ел болалық» десе, қырғыздар көнбейді. Б.Қыд.
