Posted in

ЕЛ ҰСТАДЫ

Ел-жұртын басқарды, билік жүргізді. ~ “Тоқалдан туды демесе, Тіленші жанның ел ұстамайтын несі бар?” деп шымылдықты қайта жапты дейді (қыз Тіленшімен бірге туысқан екен). А.Байт. ~ Күләйжан, Райхан тәтең қонақ қой. Жай қонақ емес, ел ұстап, ел басқарып жүрген үлкен нәшәндік, ұят болады, одан да самауырға от сал. Дәм ауыз тисін, – деп Райханды кірге жуытқысы келмеді. С.Жүн.