Ешкімге ұқсамайтын; өзгеше. ~ Әйтеуір сол тұста Әбсаттар елден ерек кешірімпаз, жұмсақ еді. О.Сәрс. ~ Көркі аспандағы күнмен таласатын сұлу қыздың қимыл – қозғалысы да елден ерек болса керек. Ғ.Әнуәрб. ~ Елден ерек сәнді киінген, қасына нөкерге бес-алты әлуетті жігіт ерткен жас мырзаның пысы басқандай, көбісі мұның көз жұмбай өтірігіне жөндеп жауап таппай, үнсіз қала береді. О.Сәрс.
