Кере қарыс, үлкен, жалпақ. ~ Елес кейде алыстағы мұнарланған жалғыз ағаштай елбеңдеп, үзіліп-созылып, кейде самауырда көлденеңнен көрінген беттей екі езуі жырта қарыс, басы сиырдың жапасындай боп көрінді. Ж.Айм. ~ Қызыл қанға боялған жырта қарыс ауыздарынан семсердей өткір азу тістерін жалаңаштап, гүр- гүр ырылдасады… К.Сег. ~ Орамалы кейін сырғыған екен: жырта қарыс маңдайы жарқырап шыға келді – иіскедім де суйдім. Т.Ор. ~ Пұшпақ шеліндей базданған майлы бұтағы, қос шеміршек жапсырған әңгелектей доп-домалақ жұдырықтай басы, жырта қарыс езуі келіншекке жексұрындай болып көрінді. Қ.Ысқ.
