Көңілі құлазыды, жүзіне мұң ұялады, сұрғылт көрінді. ~ «Не керегі бар?» деген сөз Бекболатқа ауыр тиді: жұрттың аңызы да осылай екен деп ойлап қалды. Бекболат жабырқау тартып: — Әйтсе де, – деді. Ж.Айм. ~ Әділ бұл істі ештемеге жори алмаса да, асудың қиындығынан ба, салқын самал жайлаудан шаңдыаяққа келе жатқандықтан ба, әйтеуір көңілі жабырқау тартты. Шәк. ~ Жұрт жайын ойлап жабырқау тартқан жастарға Базаралы: – Жігіт болсаң, жігерің болса, мынау шұбырған елге пана болыңдар. Малың аманда, жаның сақта… М.Әу. ~ Күн батып, кас қарайғанда көңілім бір түрлі елегізіп, жабырқау тарта бастады. Б.Тоғ. ~ Бұрынғыдан әлдеқайда аласарып, қол созымда ғана тегенедей төңкеріліп тұрған аспан, ол да бір түрлі көңілсіз, өз- өзінен жүдеу, өз- өзінен жабыңқы тартқан. О.Бөк.
