Мұңды, қайғылы, көңілсіз. ~ Бірақ келесі сәтте құр елеске алданғанын сезіп, жабырқау көңілі одан сайын жасып, құлази түседі. Т.Сәу. ~ Жабырқау көңілдің жан біткенді жатырқап, қызық атаулыны тосырқап келіп, ертегіге елткен ұландай оқыс сарт етіп ашылатыны болатын. С.См. ~ Өзі жарымай жүріп, шамасы келсе сені жарылқауға бар. Ол кезде көзіңнің жасын құрғатып, жабырқау көңліңді жұбатып берсе, жоқтықта одан артық не күтесің. Қ.Ысқ. ~ Сол бiр сүйкiмдi, көгiлдiр гүл мұңды жұлдыздың жабырқау көңiлiн жұбатып, жанына демеу болатын сияқты. Апырау, қайда кеткен, қайда, а? Айтыңдаршы, қайда-а кеткен сол жұлдыз?! П.Дүй.
