Алқымнан алды, тынысын тарылтты. ~ Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны. Мұрат ақын. ~ Шарасыздықтан тауы шағылып тауаны қайтты. Аяқ, қолын тұсаған шындық көзге көрініп, мен мұндалап, жағаға қолды салған көрінеу ақиқат боп қамап келеді. Кең дүниесін қушитып, тарылтып келеді. С.Елу. ~ Елдің бас көтерер қарулы жігіттері жылқылардың шылбырына оралып, “өлсек те бермейміз, аштан қырылғанша, қолдарында өлеміз” – деп сүйретіліп, бір-екеуі Жәнібектің де жағасына қол салған. С.Жүн.
