Posted in

ЖАҒАҒА ЖАРМАСТЫ

Айбат көрсетті; бетінен алды; алыса кетті. ~ Үлкендер жағы имандарын үйіріп, мылтық кезеген тентектің жағасына жармасты. Ы.Дәб. ~ … бірақ оған құлақ асатын емес, қыза-қыза келе тіпті жағаға жармасты. “Атамын! Жоямын!” деп, айғайға басты. О.Сәр. ~ Нұрлан үшін соғыс дегеніміз сол шешесінің самайын қуалай аққан қып– қызыл қан боп елестейтін. ал, соғыстан соңғы он жылда бірде– бір кісі тек айғайласып – кесепат– кексіз айғайласып, ұрысқаны болмаса, жағаға жармасып төбелескенін де көрмеп еді. О.Бөк.