а) Таң-тамаша болды, қайран қалды. ~ Тіпті, кәдімгі құм қоянсүйгенінен де бояу алып, онымен жүн бояйтынын естігенде таңданғанынан жағасын ұстады. Е.Әл. ~ Менiң оқуға тапсыратынымды естiгенде орыс тiлiнен сабақ берген Абайдылданова жағасын ұстап: “Саған не жоқ?..” деген. Б.Сар. ~ Мұндай да қызық болады екен-ау! — деп іштей жағасын ұстап қойды Әскер. Ә.Тар.
ә) Шошынды, зәре-құты қалмады. ~ Тірлігінде тыраңдаған, талай тәтті ләзаттың дәмін тояттана татқандардың о дүниедегі азабын көргенде, Көпжасар жағасын ұстады. Т.Рыс. ~ Бүгiн Сұңқардың ғұмырындағы есiтпеген ерекше күн бол¬ған-ды. Далада ақырзаманның қалай орнағанын өз көзiмен көрдi. Көрдi де, iшегiн тартып, жағасын ұстады, тұңғыш рет тұла бойын қорқыныш биледi. С.Сағ. ~ Он алтыншы жылы тізім кезінде әкесінің атын сұраса, шешесінің атын айтқан мәжнүн. Сол ауылнай болған соң, бұ құдайдың құдіретіне қайтып қалмассың! — Есен шошынып жағасын ұстады. Т.Әбд.
