а) Ұстаса кетті; тарпа бас салып, қылғындырды, кеңірдектен алды. ~ Со кезде ойым көзіме көрінетін зат болса, дереу: «Саботажник!», «Контр» деп жағасынан алғандай едім. Əттең, қолыма түспеді. Ж.Айм. ~ Әйгерiмнiң бұны Әмiр жөнiнде орынсыз кiнәлағанын дауласпай тыңдады. Бiрақ өзiнiң сол Әмiр үшiң ең алғашқы рет әкесi Құнанбаймен жағадан алып жұлқысардай алысқанын еске алды. М.Әу. ~ А, құдай-ай, бері әпкеші! – деп, зар қағып жүгіріп кеп, Дәркембай да жетті. Жұмағұлды жағадан алып, бір-ақ жұлқып, күпсек қардың үстіне доптай түсірді. М.Әуез.
ә) Жан-алқымнан алды, қыспаққа салды. ~ Қайсыбір айпара кемпірлер дүкенші баланың жағасынан алып: – Әй, қағынғыр, ертеңге дейін біздің суымызды сарғайтпай, бүгін-ақ сатсаңшы. С.Жүн. ~ Ашуланғаным сондай, тұла бойым қалшылдап, өзімді-өзім ұстай алмай қала жаздадым. Сәлімді бара жағадан алып, үйден сүйреп шығарып, төпегім де келді… Б.Майл. ~ Міне, менің жауым келді. Қас жауым. Іргемде жымысқы жүріп жағадан алған жауым, – деп шұйлыққанда, Әлібек шыдай алмады. C.Жүн.
