Posted in

ЖАДЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ХАТТАЙ САҚТАЛДЫ (САЙРАП ТҰР)

Естен кетпестей боп жадында сақталды. ~ Еламан бір көрген кісісін ұмытпайтын. Жадында жазылған хаттай сақталып қалатын-ды. Мына жас офицерді көргенде оның есіне ана жылғы түрік жері түсті. Ә.Нұрп. ~ Өмірден беті қайтып, талабы пәс боп тұрған шағы ғой. Әйтпесе, бұл араның елі, жері, суы жас мырзаның жадында жазылған хаттай сайрап тұратын. Ә.Нұрп.