Айдан-анық, ап-айқын, еш күмәнсіз. ~ Еламан бір көрген кісісін ұмытпайтын. Жадында жазылған хаттай сақталып қалатын-ды. Мына жас офицерді көргенде оның есіне ана жылғы түрік жері түсті. Ә.Нұрп. ~ Бұл күнде көңілден алыстап көмескілене бастаған көп-көп оқиға арасынан бір оқиға жадыңда жазылған хаттай сайрап тұрары сөзсіз. Ә.Нұрп. ~ … ол бәлкім, сен жөніндегі топшылауын қорытып та қойған болуы мүмкін, сен қаншама епті болғаныңмен, ол сенің жан сырыңды жазған хаттай танитын болар. О.Бальз.
