Posted in

ЖАЗЫМ БОЛДЫ

Оқыс бақытсыздыққа ұшырады, зардап шекті; қаза тапты. ~ Ел тұрды, ертең кемпір үйге кірді, Бала жазым болғанын іші білді. Абай. ~ Зылиқа естіп: — Әттеген- ай! Кім де болса біреуі жазым болды ғой, еркем! «А, Құдай ақсарбас! » — деп, екеуінің жүрегі аттай тулап, тысқа шығып тыңдап тұр. Шәк. ~ Мұндай оқиғада адамның ойы — қалай құладым, қалай тұрамын, бір жерім жазым болды ма дегеннен гөрі, біреу көріп қалмаса жарар еді дегендей еді. Б.Бұлқ. ~ Қуаныш- ай, мыналарың сұмдық қой, неғып бұрынырақ айтпағансыңдар?! Жазым болып кетпесе неғылсын, әттеген- ай, әттеген- ай. К.Сег.