Жанын ауыртты, жайсыз әсер етті. ~ Осыны айтып атқарушы шал шығып кеткен. Мына хабар Ұлтуғанға жай оғындай тиді. Не істеп, не қоярын білмей, біресе далаға шығып, онан қайта үйге кіріп аласұрды. С.Мұр. ~ Сен елірме! — деді оған Жыңғылбай. — Осы ауылда милиция жүр, дәл қазір айдатып жіберемін! — Бұл сөз Жаманқұлға жай оғындай тиді. Б.Тоғ.
Ойсырата соққы берді. ~ Қазақ ежелден-ақ қалың елінің қамы үшін жеке батырлары жан қиюға дайын тұратын ержүрек халық. Батырдың есімін ұран етіп, тұтас жұрт соның соңына еріп жауға жай оғындай тиетін қасиеті бар. Ж.Шәк.
