Көңілі тыныштанды, рахат сезімге бөленді. ~ Қырманда істеп жүргенде, балам бір қап ұн жіберген екен, қаптың аузын зорға аштым. «Ауанысқа алдым» деген соң ғана барып көңілім жай тапты. Т.Берд. ~ Ол бес-алты минөт мөлшерінде ваннадан: – Уһ, жаным жай тапты, дұрыс болды, – деп сөйлей шығып, асүйдегі маған: – Енді шайыңды тездет, шөлімді басайын, – деп дауыстады. Ғ.Қаб.
Қайтыс болды, көз жұмды. ~ Осындай түнді сыйға тартқан Оразкүл апам о дүниеде пейіштің төрінде болғай… Сендей адам жаннаттан жай тапса жарасар, Жолан-Жаныстың қызы, отыз жетінің қысында атылып кеткен Қадыр жездемнің асыл анасы… Ш.Мұр.
