Естен тандырардай пәрменді соққы болды. ~ Бірақ Мүлкаманның әлгі сөзі жанына жайдың оғындай тиді, өзегін өртеді. Енді көзіне барша тірлік ұсқынсыз, сөлекет көрінді. Д.Досж. ~ Жайбырақат отырған Мансияға мына сөз жайдың оғындай тиіп, бір сәтке оның тіл аузы да байланып қалды. АҚ “Өткен өмір…” ~ Осы сөз жай оғындай қадалып, Қайдардың ойын қайта толқындырды. Бір жағынан ашуын қоздырды: «әйелдігіңе басып отырсың-ау… Мені өшіктіргелі отырсың-ау…» — деді ішінен. Б.Майл. ~ Қолына саквояжі мен портфелін ұстап, сол ең жақын адамының, ішкі сырын түгел ақтарар адамның кеткелі тұрғаны оған жай оғындай әсер етсе де, Сәргелдің не дейтінін күтіп, шыдап бақты. Д.Иса.
