Posted in

ЖАЙСЫЗ ӘҢГІМЕ

Ұнамсыз тақырып. ~ Қабанбаевқа найзадай қадалған жайсыз әңгімені ұзаққа созғысы келмеген Иван Петрович:
− Сізбен сөз бітті! Мықты болсаңыз кәрі қыранның шеңгелінен құтылып көріңіз! -деп сұсты пішінмен сөзін түйді. С.Ом. ~ Әлібек күмілжи түсті. Оған Қауғабайдың тап бола кеткені, мына болатком ағасы арық кісі мен оның қасындағы семізше адамның жайсыз әңгімесінен арашаласа да, бұл жігіттің де қырын қарар жағы мол еді. Х.Ес. ~ Өз жайың қалай, ал? — деді Левин, кешегі жайсыз әңгімелерін мүлде ұмытып кетіп. Л.Тол. ~ Анажардың аяғы ауыр екен. Бұл енді сұмдық оқиға, төтенше жағдай. Сары баспасөздің өзі-ақ сан-саққа жүгіртетін жайсыз әңгіме, аттандаған айқай-шу. Е.Әл.