Posted in

ЖАЙСЫЗ МІНЕЗ

Ешкіммен сыйыспайтын жағымсыз мінез туралы. ~ Көңіліңізге келсе де айтайын: сізде бір жайсыз мінез бар. Ойыңыздағыны орынды-орынсыз жерде айтып саласыз. Кейде сабыр сақтап, шыдауға да болады ғой. Б.Тоғ. ~ Бас инженерінің жайсыз мінезі шаншудай тиіп; Сағат сор айналасын жаяулап жеке кезіп кетіп еді. Сордың құбыла жақ шетіндегі жарлауыт қабағында, желге қарсы буырыл шашы желкілдеп әлі тұр. Ғ.Сл.