Posted in

ЖАЙЫЛМА СӨЗ

Жалпылама, мағынасыз әңгіме. ~ Шырағым, бір қызбалық өткен шығар, істі ушықтырып қайтесіңдер,— деп жуып-шаймақ болды, Бұған Гүлсім күйіп-пісіп тұр: – Ата, осындай жайылма сөздің қажеті қанша?! Б.Тоғ. ~ Жиналысты басқарушы адам жайдағы жайылма сөзді тастап: — 22-июнь күні таңертең гитлершілер бізге соғыс ашты! — деді. Жұрт шу ете қалды. Кейбір көңілі бостары жылап та жіберді. Б.Тоғ.