Ешкімде шатағы жоқ, өз бетінше тірлігін көрген адам туралы. * Темір секілді жер қозғалса да қозғалмайтын, маңқиып жайына жүретін момын болып неге тумадым? Б.Соқп. ~ Сосыны сол, неге жайыңа жүрмейсiң? Немене бүткiл дүнияның кiлтi сенiңқолыңда тұр ма? Б.Алд. * Бекер үркіттің, — деді қыз. — Ендеше кісіге тиіспей жайына жүрсін!.. Қ.Ысқ. * Бетегеден биік, жусаннан аласа болып, аяғымды үшінен басып, жайына жүре алмайтын ит мінезім себепші. Б.Соқп.
