А) Бар шынын айтып берді, ағынан жарылды. ~ Байдың есігінде жүрген жалшылардың бәрі жақын туыстары еді. Бірақ өмір бойы іштеріне кек сақтап келгендерін тегіс жайып салды. Т.Әбд. ~ Қазақы тұрмыс-тәрбиенің жемісі – Бәтима осындай қиын сын сағатта шешіліп сөйлеп, шындықты жайып салуы екіталай. Қ.Ерг.
Ә) Алдына тастады. ~ Он-он бес километрдегі жер тегіс көрінетін көріп тастаған өгіз терісіндей Көкдала ши, изен түбінде жатқан қоянның көжегіне дейін көрсетіп, барын алдымызға жайып салды. Б.Қыд.
