Posted in

ЖАҚСЫ ҚАРАЙДЫ

А). Жақсы күтті, бақты, қамқорлық жасады. * Қойға да тым жақсы қарайтын, бір қозысының аяғы сылтып, құйрығы құрттағанын көрсе, жаны шығып кете жаздайтын. Д.Әш. * Жақсы кісімін дей алмаймын. Бірақ күшігіңе жақсы қараймын. Ол жағына алаң болмай-ақ қой. Т.Сәук.
Ә) Ықыласы түзу., оң қабақ танытады. * Қалампырға сыйлық ретінде орамал алып бердім. Қара кемпір бұл күнде маған жақсы қарайды. Қөңілін аулап, риза етіп қоюым өзіме пайдалы. Б.Соқп.