Игі лебіз, оң пікір; жақсы хабар, жағымды жаңалық. * Егер күнім туып, сол дегенім болса, сенің жақсы лепесті жариялауың үшің алдын ала орамал етіп, мынаны ұсынамын…» деген. М.Әу. ~ Сенін, жақсы лепес жарлығыңды бүгіннен бастап жалпақ елге жаямын, шырағым. Жаман ағаңның осы атқа мінгені — мінген… Қ.Жұм. ~ Ауру меңдете берген Айданақ көрші орнықты жерде емделу үшін егіншілік орынға көшкелі жатқан қарсаңда Мәлике тағы бір жақсы лепес үстемеледі. Ғ.Біл. ~ Міне, інім. Жақсы лепес шығарып, жақсылықты жеткізген адамға астындағы атын түсіп беріп кеткен қазақты бүгін қасықты қара суды сатып беруге үйреткіміз келеді. Б.Қыд.
