Қол созым көрінгенімен, жету қиын, жолы ауыр. ~ Кішкене қыз мына баланы өзіне етене жақын, жақын да болса алыс кетіп, ылғи сағындырып жүретін бір туысына ұқсатып, бірақ жыға тани алмай тұрған- ды. З.Қаб. ~ Арба үстіндегі қалың, жұмсақ көк шөпте толықсып, жүріс ырғағына қарай тербеліп отырған жас келіншектің шырайлы жүзінен ол көз алар емес, жақын да болса — алыс сияқты. М.Сүн.
~ Жақын да болса алыс қызға қол созды, жетпеді, айқай салды, жер жарып, жартастарды теңселткен даусын өзі де естімеді, қара шашы бұлтша шұбалған қыз ақ мұнарға оранып, алыстай түсіп, бұлдырап барады… М.Қаб. ~ Өскен жер жылы жүрекке, Шибұттан мен де адастым. Жақын да болса алыстап, Ауыр бір халге жанастым. М.Мақ.
