Posted in

ЖАЛ-ҚҰЙРЫҒЫ СҮЗІЛГЕН

Сәнді, бапты. ~ Байсалдың хабарын құлақтана салысымен, барлық жұрт аттарына ұмтылды. Жал-құйрығы сүзілген бәйгелер де киікше басып, ойқастап шықты. М.Әу. ~ Жаудың шапқыншылары қалың жылқыны қораға айдап келгенде байдың көзі ең алдымен қамыс құлақ кер атқа түседі. Бай жал құйрығы сүзілген, басқа жылқылардан зор кер атты ұстатады да, шідерлеп бөлек баққызады. АӘ.