Posted in

ЖАЛ АЙТТЫ

Қасақана өтірік айтты, жалтара сөйледі. ~ Ұқпадым деп жал айтпа. Шәк. ~ Мына Аққайша: «Өнерiңдi кез– келген жерде көрсете берме, қыздар ашық– мұшық болып қалады» деп ескерткен едi. Бұл жоқ жерде өнерiмдi көрсетермiн, – деп, үйшi жiгiт жал айтып құтылды. К.Сег. ~ Мен жалған айтқанмен, көкте Жаратқан тұр екен, уәде алысып, қол берiскен соң алды– артыма қаратпай бесiктен белi шықпаған баламды ала жөнеле ме деген үреймен өзiңе де «бата бұза алмаймын» деп жалған айтып едiм. Жалған емес– ау жал айтып едiм. Алдыма келтiрдiң. Дүмiң қатты екен, өзiм ғана емес бүкiл Қаратай баласын тұғырлаттың, төрем! К.Сег. ~ Оның бұл өтінішінің буынсыз жерге пышақ ұру емес, шын мәніндегі перзенттік борыш, ұрпақтық пейіл екенін түсінсе керек, Банды да еш жал айта алмады. К.Сег.