Қарсы амал ойлап тапты. ~ Боза мен арақтан басқа ішкілік ішіп көрмеген Шәріп: – Өзінің иісі қаңдаланың иісіндей ғой! – деп тыжырынды. Бәзелбек ренжіп қалды. Бименде екі арадан жал таппақ болды. Т.Әл. ~ Өткен жылы мұны қабылдаған үлкен кісі бұл кезде сапарда жүр еді. Сол адам келгенше жал тауып, ауруханада жата тұрсам қайтеді деп бір оқталды да (соғыстан қалған ескі жаранын орны сыздап жүргені де рас еді, ол ойынан да тез қайтты. Қ.Жұм.~ Соңыңыздан томпаңдап еруге, пионерше айтсақ, “Әрқашанда дайынбыз! ” Іштегі осы оймен Қобланды қайта- қайта бас изеді. – Рас айтасыз, Тұрған аға! Шулатуға болмайды екен. Ол… ол залым! “Балта шапқанша дөңбек жал табады”. Онда ың- шыңсыз әзірлік жасаймыз. C.См. ~ Мен табылмасам, олардың өзін бассалмай ма, Керей, Уақ? — «Балта көтерілгенше, ағаш жал табады» дегендей, – деді Аба, – естуімше, Керей мен Уақтың желігулері патшаның құлағына шалынып, оларды күшпен тыю үшін, Орынбордан да, Омбыдан да қарулы қалын, әскер жібергелі жатқан көрінеді. С.Мұқ. ~ Аяғанмен амалым қанша? Мен аяйды екен деп, Совет үкіметі жер турасындағы заңдарын өзгертпек пе? Менің әлім келе ме, оған?.. Сіздің әліңіз келе ме?.. Оңшылдардың әлі келе ме?.. – Келмейді!- деді нағашым.- Бірақ,
«балта көтергенше, ағаш жал табады» дегендей, уақытша болса да, айла-әдіс қолдана тұруға бола ма? ~ Шамасы Кенесары ереуіліне Ақ Жайық, Ор бойының ауылдарын да қоспақ ниеттері бар тәрізді. Таймас о жақтан күзсіз қайта алмайды. Балта көтерілгенше, ағаш жал табады дегендей, сен де тірі жансың ғой, оған дейін сенімге кірерсің.- Қоңырқұлжа ырқылдай күлді.- І.Ес.
