А) Кедей-кепшік. ~ Мына біздікі де анау Ертұрлы сияқты жалаң аяқтың серісі ғой. Онда әйтеуір сылдарлаған тіл де болса бар. Біздікінде о да жоқ. М.Сүн. ~ Ертесіне үзікті сабалаған атты адамның айғайынан оянды. «Әй, Әділ, сені ме! Тұра тұр бәлем, ақ тоныңды кигізермін! Күн шыққанша байдың баласы құсап бұ қай жатысың? Өй, жалаң аяқ жаман аңшы. Тұр кәне! » – деп айғайға басып тұрған бригадир екен. Ү.Жәл. ~ Ауыл иті ала болса да, бөріні көргенде бірігіп кететін. Қапы қалып жүрме, халдай! – Мен жаңа айттым ғой: осы қазір оққа ұшайын демесең, мына жалаңаяқтарыңды жинап ал да, аманыңда жолыңа түс. Қ.Жұм.
Ә) Бала-шаға. ~ Ақыры үлкен тойды көруге құмарлық дендеді. – Тәуекел! Кеттік! – Тағы бір өзіміз сияқты төрт– бес жалаң аяқты ілестіріп алып, бір той тарқамай жатып, екіншісіне аттандық. К.Сег.
