Алды-артын ойламайтын көзсіз батырлық, жанкештілік туралы. ~ Өзiң осы екеуiн текке атаған жоқсың, тауып ұстадың ғой, бала шырақ. Шешiнген судан тайынбас дейтiн, жалаңаш батырың осылар болмаса, жатақтың мүлде сорлағаны да! – деп далаға шыға бере, бұл жөнiндегi сөздi тұжырды. М.Әу. ~ Жалаңаш батыр атанған жанкештінің несін аламыз? — десті олар сайып келгенде.— Тәттіқара, Исабектері балтасымен келіп, маңдайшамызды шауып кетер. Т.Әл. ~ Аманхан Әлiм деген ақын досым бар. Мiне, сол менiң аңыз кейiпкерiм. «Жалаңаш бар да жауға ти, ажалың келмей өлмейсiң» дегендей, ол өзi жалаңаш батыр. Кей әрекеттерi шындық үшiн желдиiрменмен күрескен Дон Кихотқа ұқсаңқырағанымен, әдебиетке деген адалдығына сүйсiнесiң. Е.Рау.
