Лыпасыз ашық тән. * Көйлексіз, жеңсіз күртеше тонды жалаңаш етіне киіп алып, Айранбай ескілеу етікті бастап жатыр. Б. Майл. * Жалаңаш етке киген шекпенiнiң өңiрi жыртылған. М.Әу. * Жейдедей жалаңаш ет жыртылуда, Сүйтсе де, ол, ойланып жүр ұмтылуға. І.Жанс. * Сол-ақ екен, қолақпандай екі еркек ұялмастан жабылып, жаңағы бейшара ана, жесір әйелді қар үстіне жалаңаш етін ашып жығып, тепкілеп ұра бастайды. М.Әу. * Баланың жүзі сұп-сұр, көзіне жас алмаған екен. Мамыт жылап жүр. Жалаңаш етіне қамшы тигені бірінші рет еді. З.Шүк. * – Міне, бізді билейтін балшайбегің жалаңаш етіне шапанын киіп тұр, жарымаған, атасы жарымаған малшы,- деді ат үстіндегі деп Тойбай. Б.Қыд.
