Posted in

ЖАЛПАҚ ТІЛ

Баршаға ұғынықты, қарапайым тіл; кең тараған сөз. ~ Аудармашы бұл мәліметтерді орыс ғалымының мәтінінен алуы мүмкін. Бірақ, көп мақалаларды еркін аударғандықтан, қазақ даласының өзгешеліктерін кірістіріп, жалпақ тілмен түсіндіріп беретін жерлері кездеседі. А.Байт. ~ «Теріс жол» дегені – социал-демократия жолы екенін, ол жолдар не жол екенін Мадияр Итбайға қазақы жалпақ тілмен ұғындырды. С.Мұқ. ~ «Ежелден біздің қазақ нәсілін жалпақ тіл қаңлы, қыпшақ атайды. Руын мүсәпір құл жасырады. А.Кем.
~ …жер бетіндегі басқа елдер халқының Май мейрамын қалай қарсы алатынын қарапайым қазақтың жалпақ тілімен жиналғандарға баяндап берді. Б.Мом.