Ешкімнің көңілін қалдырмауға тырысушылық. ~ Елдің сөзін сөйлейміз дейтіндер мынаның қолынан бастау келеді, мынаның қолынан қостау келеді деп, сарапқа салып, бастарын ауыртып жатпайды, бұрынғы бастап қалғандар бастай берсін, бұрынғы қостап қалғандар қостай берсін деп жалпақ шешейлік құрады. Ә.Кек ~ Тіптен, қанша күші жетіп, құдіреті асып тұрса да, Жошының Үргеніш қаласын алты ай қоршап, мәмілеге шақырып жатып алуының бір сыры осы екен. Әрине, мұндай нәуетек, жалпақ-шешейлік Шыңғыс ханның табиғатына жат, әрі бетіне шіркеу. АӘ (“Ақсақ құлан”.)
