Кез-келгеннің ыңғайына көше беретін, көңіл жықпас, жағымпаз адам хақында. ~ Содан қайта қатулана түсiп, суық, құбылып алып: – Сонша жер табанға түсiп жалпы етек болар не дүниенi бүлдiрiппiн?! Екi ғана, ес тоқтатпаған жастың албырттығы ма? Сол үшiн елдiктен, әруақтан, ежелгi достықтан кетер болса, Бөкеншiнiң сенi қимағаны қайсы? М.Әу. ~ Аузынан жалыны шыққан албырт болыс әрі кедей, әрі қорғансыз шала қазақтың әнші сұлу қызын сән үшін тоқалдыққа алмақшы болады. Парақор Ұлық, жалпы етек атқа мінерлердің қаңқуы қан көкірек есер болысты одан әрі желіктіреді. С.Бег.
