Posted in

ЖАЛТ БЕРДІ

Оқыс бұрылды, тайқып кетті. ~ Жылқышы сонда да ізінен қалмай жүр. Құрық қашағанның жалына жақындамай жатып асау жалт береді. Б.Мом. ~ Ә дегенде ол өзінің бір рет қамшы сермеп иге шыққанда қасқырдың жалт беріп арс еткенін де аңғарған жоқ. Ә.Әб.
Жеме-жемге келгенде сөзінен, ниетінен айнып шыға келді. ~ Солардың тура жолын қуып келіп, қыл аяғында тайсақтап қалай жалт берем? С.См. ~ Қалпы айтсам кечирип қойғун, жееше! — деп қисық мұрын жалт беріп шыға келді. — Ал, жолдастар, шайға жүгінелік. Қ.Ысқ. ~ Бетті бір түзеген соң жол ортадан жалт беру жігіттің мінезі емес, — деп тоқтатқан. Қ.Ысқ.