Posted in

ЖАЛТАҚ КӨЗ

Кім-кімге де жалтаң-жұлтаң етіп имене қарайтын үркек жан. ~ …”Бір күн болмаса, бір күні ісім түсе ме?”, — деп, жалтақ көз болып жүретін кедей-кепшік аз ата бұндай соғыстардың барлық ауыртпалығын өз мойындарымен атқарды. М.Әу. ~ Саңылауы, құлағының тесігі бар, Айтамын: “Ұғып ал!” – деп, қатындарға. Ұқпасаң, айтар сөзім тағы даяр, Жайым жоқ жалтақ көз боп, ешкімді аяр. М.-Ж. Көп. ~ Батыл: тіп-тіке қарайды, әлі де отты жанар ұшқын шашыратады. Алғаш абыржыдым: қипақтап, қасымдағы жігітке жалтақ көздене қарадым. Т.Ор.