Posted in

ЖАЛТАҢ АСПАН

Ашық, бұлтсыз аспан. ~ Жалтаң аспанның оңтүстік иінінде толықсып жүзіп бара жатқан алтын табақ айға қарады. С.Ом. ~ Шыңылтыр жалтаң аспанда самсаған қалың жұлдыздар гауһар тастай жалтылдайды. С.Ом. ~ Ақ желек жамылған орман іші құлаққа ұрған танадай. Аязды күнгі жалтаң аспан көк тайғақ мұзға ұқсайды. С.Ом.