Posted in

ЖАЛЫ КҮДІРЕЙДІ

Айбын танытты, күш-қайратын көрсетті. ~ Нұрәлі шынында да, бұрынғы жалы күдірейген Нұрәлі емес. Ері мойнына түсіп кеткен. Үй ішінде де береке шамалы тәрізді. Б.Соқ. ~ Мұхаңнан дәріс алғанға да дәстердей болатын филологтер мен журналистер жалы күдірейіп, топ ішінде шіреніп тұратын да кездері болушы еді. Қ.Ысқ. ~ Сары келіншек сары арыстанға айналды. Жалы күдірейіп күркірей ұмтылайын деп тұрған ашулы арыстан. Т.Сәу. ~ Тек, аспаннан биік Алтайдың ақбас шындары еді. Бүкір бел, жалы күдірейген жон атаулының бәрі де сол ақбас шындардың аяғына барып жығылған жағымпаз, жабы тіршілік сияқты еді. Тайганың түні тым-тырыс. Қ.Ысқ.