Ар-ұятына кір келтіретін өсек сөз. ~ Бұл – Ерденнің інісі Ералы еді. Ералының жаман атымен, бұрыннан да таныс Қаныбек енді орасан долдана түсті. І.Ес. ~ Құдай сенің атыңнан сақтасын. Жаман аты сенен артық жайылған əйел бар ма? Бардақтан келіп бұ да кісіге жөн айтқысы келеді. Ж.Айм. ~ Жонас жақсы дәрігер дегенді Айкүміс естіп келіпті. «Бедеулік» деген жаман ат жабысты. Емі қандай? Бар тағдырымды қолыңа берем», — деді Айкүміс. Ғ.Сл. ~ Мұндай іс, білемісің, жаман атақ, Бармасаң да береді байлап-матап. С.Тор.
