Жақтырмай қарады, жек көретінін жасырмай көз тастады. ~ Күлжекей Аралбайға жаман көзімен қарап, қалың қара қасын жиырып, зіркілдей бастады… С.Ом. ~ Кешегің не? — деп ағасы Сәтке жаман көзімен қарады. Б.Қыд. ~ Сұр қаншықты қолыма түскен затпен ұрып-жығып, талай рет қаңқылдатып қуғанмын. Ондайда Геля мұның не дегендей маған жаман көзімен қарап қыңсылайды. Т.Сәук.
