Тырп етпей жатып алды. ~ Айтайын десе, əрі жұртқа естіртерлік дауысы, өлеңі жоқ, əрі қыз сүйе алмау намысы. Өте-мөте жамбастап жатып, қызға қылжыңдаған «мырзаларды» құдай ұрды. Ж.Айм. ~ Алдында малы, қалтасында пұлы бар Сүлеймен, Нұртазалар үйінде үндемей жамбастап жатып, үйден пәледен құтылған жоқ па? С.Жүн. ~ … кедей екен деп кемсітпей, қарғыбауға су жорға сар бауыр ат, қалыңға жиырма бес ірі қара, елу қой беріп құдаласып қойды да, Жарылқасын жамбастап жатып қалды. Т.Рыск. ~ Содан кейiн де аралары үзiлген жоқ. Үйреншiктi әдетiмен «жеңгенiң бiр бұты – байыныкi, бiр бұты – қайыныныкi» деп жамбастап жатып алады. Т.Сәу.
