Posted in

ЖАН-ТӘНІМЕН ТІЛЕДІ

Бүкіл жан дүниесімен, ой-санасымен қажет тұтты, қалады. ~ Бұл қалай болды деп ойланам, бірақ ерсі көріп бойды аулақ салғым келмейді. Осы күйіммен таң атқанша, таң атқанша емес, өмір бойы жүре берсем де мен шаршамайтын секілдімін. Мен осы күйді жан-тәніммен тілейтін секілдімін!… Б.Майл. ~ Дүниенің бәрін түгел ұмыттым. Бар жан-тәніммен тілегенім: тракторды игеріп, оның механизмін біліп алсам деймін. Ежелгі арманым еді бұл. Ш.Айт. ~ Сухателен: «Қазақтар еш уақытта да астық екпеулері керек, ешбір ғылым түгіл, тіпті бірде-бір кәсіп білмей, өмір-бақи мал бағып қана көшіп жүрулерін бар жан-тәніммен тілер едім», – деген пікірді мақұлдаса … І.Ес.